Жаңалықтар
-
кеше 10:50
-
кеше 09:23
-
05.03.2021 17:10
-
05.03.2021 17:00
-
05.03.2021 16:30
-
05.03.2021 14:10
-
05.03.2021 12:34
-
05.03.2021 11:11
-
05.03.2021 10:15
-
05.03.2021 09:02
-
05.03.2021 08:15
-
05.03.2021 08:00
-
05.03.2021 05:14
-
05.03.2021 03:20
-
04.03.2021 20:00
-
04.03.2021 18:38
-
04.03.2021 15:03
-
04.03.2021 13:25
-
04.03.2021 10:45
-
04.03.2021 09:53
-
04.03.2021 09:15
-
04.03.2021 08:15
-
04.03.2021 08:01
-
04.03.2021 06:29
-
04.03.2021 03:16
Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Алексей Цой
2021 жылғы 26 қаңтар 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Алексей Цойға дәрі-дәрмек бағасы қалай қадағаланып жатқанын сұрады. «Менің білуімше бұл тұрғыда мәселе әлі де бар секілді. Бұл бағытта қандай жұмыс жүргізіп жатырсыздар?» - деп сұрады Президент Алексей Цойдан. Бұл сұраққа жауап берген министр дәрі-дәрмектің шекті бағасын қадағалау мәселесі қайта қаралғанын мәлім етті. «Қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингті шығындардың бәрін алып тастадық. Дәріханаларда жетіспеушілік болмас үшін біз коронавирусқа шалдыққан адамдарға амбулаториялық дәрі-дәрмекті тегін қылдық. Бұл да дәріханалардағы кезекті жойды. Осылайша біз антиковид препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық. Сонымен қатар биыл «Халық денсаулығы» кодексіне тиісті өзгерістерді енгізіп, бөлшектік сегменттегі бағаларды қадағалау тетігін алып тастамақпыз. Осылайша, біз бөлшектік сегменттегі бағаны төмендетерлік қосымша тетіктерге ие боламыз», - деді ол. «Яғни дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайды ғой?» деп сұрағын қайталады Президент. Бұл сұраққа Алексей Цой «иә» деп жауап берді.