Жаңалықтар
-
кеше 19:05
-
кеше 18:48
-
кеше 13:05
-
кеше 09:25
-
кеше 08:54
-
13.04.2021 22:06
-
13.04.2021 21:56
ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді
2021 жылғы 26 ақпан 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалған.
Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% - 2,7 миллионға дейін төмендеген. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. ⠀ Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында вирус жұқтырушылар саны 5 миллионнан асқаннан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандар саны да азаюда. ⠀ Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.⠀ Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағы болуға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығы бар.