Жаңалықтар

Денсаулық министрлігі коронавирус науқастарының жағдайын айтты

2021 жылғы 11 сәуір 10:38
Денсаулық министрлігі коронавирус науқастарының жағдайын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 сәуірдегі деректерге сәйкес, короновирустан 32 899 адам (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 546 адамның жағдайы ауыр; - 163 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.