Жаңалықтар

ДСМ: Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 248 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 1 наурыз 09:17
ДСМ: Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 248 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 наурыздағы мәлімет бойынша, 20 140 адам короновирус инфекциясынан (13 778 КВИ+ және 6 362 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 472 пациент стационарда, 15 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 248 адамның жағдайы ауыр; • 50 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.