Жаңалықтар

«Дубай – Алматы» рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

2021 жылғы 20 қаңтар 12:17
«Дубай – Алматы» рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

1 915 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестісі бар (сау екені көрсетілген) 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Айта кетейік, 18 қаңтарда анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша «Дубай – Алматы» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.