Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
Дубай мен Шарм-эль-Шейх-тен келген Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылды
2021 жылғы 23 қаңтар 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 22 қаңтарында ҚР аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.
1 944 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 604 адам, анықтамасыз 340 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72; Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген.