Жаңалықтар

Дубайдан келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

2021 жылғы 25 ақпан 10:36
Дубайдан келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -24 ақпанында елімізге Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 838 жолаушы, анықтамамен - 802, анықтамасыз - 36; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 530 жолаушы, анықтамамен - 282; анықтамасыз - 248; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келген; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 23 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет Анықтамасыз келген 293 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.