Жаңалықтар

Екі мыңнан аса сырқат коронавирустан үйінде емделіп жатыр

2023 жылғы 12 қаңтар 09:06
Екі мыңнан аса сырқат коронавирустан үйінде емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 12 қаңтардағы соңғы ақпарат жарияланды.

Оған сенсек, қазір 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 8 адамның жағдайы ауыр - 5 пациенттің жағдайы өте ауыр - 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.