Жаңалықтар
-
23.01.2021 19:50
-
23.01.2021 16:55
-
23.01.2021 09:58
-
23.01.2021 09:30
-
23.01.2021 08:15
-
23.01.2021 08:00
-
23.01.2021 01:19
-
22.01.2021 21:57
-
22.01.2021 20:31
-
22.01.2021 20:18
-
22.01.2021 19:44
-
22.01.2021 18:30
Елімізде 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылған
2020 жылғы 27 қараша 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі де жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең. Егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген болатын.