Жаңалықтар

Елімізде 2280 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

2023 жылғы 14 қаңтар 09:46
Елімізде 2280 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 280 адам коронавирус инфекциясынан (–2 130+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. «КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.