Жаңалықтар

Елімізде 2300-ден аса адам коронавирустан емделіп жатыр

2023 жылғы 13 қаңтар 08:23
Елімізде 2300-ден аса адам коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 112 адам коронавирус індетін жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтардағы мәліметінше, қазіргі таңда 2 315 адам коронавирус инфекциясынан (–2 168+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. «КВИ-ге шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды министрліктен.