Жаңалықтар

Елімізде 2500-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

2023 жылғы 8 қаңтар 09:34
Елімізде 2500-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде 169 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (–2 375+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 15 адамның жағдайы ауыр, • 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.