Жаңалықтар

Елімізде 600-ге жуық адам коронавирустан жазылды

2021 жылғы 17 қаңтар 08:32
Елімізде 600-ге жуық адам коронавирустан жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміз өңірлерінде бір тәулікте 598 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 73, Алматы қаласында - 35, Ақмола облысында - 91, Ақтөбе облысында - 5, Атырау облысында - 118, Шығыс Қазақстан облысында - 34, Батыс Қазақстан облысында - 31, Қарағанды облысында - 39, Қостанай облысында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 79, Солтүстік Қазақстан облысында - 87, Түркістан облысында - 2. Пандемия басталғалы елде ауырғандардың жалпы саны 168 096 адам. Оның ішінде 153 035-і сауығып шықты, 2349-ы қайтыс болды.