Жаңалықтар

Елімізде 70 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр

2021 жылғы 19 қыркүйек 15:33
Елімізде 70 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 19 қыркүйектегі соңғы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде: - 13 095 пациент стационарда - 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 1 041 адамның жағдайы ауыр - 264 пациенттің жағдайы өте ауыр - 169 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.