Жаңалықтар

Елімізде әлі де 2,4 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

2023 жылғы 10 қаңтар 09:33
Елімізде әлі де 2,4 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 10 қаңтардағы ақпарат жарияланды.

Оған сәйкес, қазір 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 267+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 263 пациент стационарда, 2 151 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 14 адамның жағдайы ауыр - 8 пациенттің жағдайы өте ауыр - 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.