Жаңалықтар

Елімізде бір күнде 161 адам пневмониямен ауырып, 5 адам қайтыс болған

2020 жылғы 27 қараша 09:00
Елімізде бір күнде 161 адам пневмониямен ауырып, 5 адам қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 41 756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 362 жетті.