Жаңалықтар

Елімізде қанша адамның коронавирус вакцинасын салдырғаны белгілі болды

2021 жылғы 19 қыркүйек 08:56
Елімізде қанша адамның коронавирус вакцинасын салдырғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар статистикасын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы 18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде вакцинаның бірінші компонентін 7 259 649 адам салдырды. Ал екпенің екінші компонентін алған адам саны - 6 108 540.