Жаңалықтар

Елімізде коронавирус вакцинасын қарттар мен дәрігерлер бірінші алады

2020 жылғы 14 тамыз 12:50
Елімізде коронавирус вакцинасын қарттар мен дәрігерлер бірінші алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова вакцина егуде қандай топтағы адамдарға басымдық берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні біз вакцинациялауға жататын топтармен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде қауіпті топтар бойынша жоспарлар бар, олар үшін коронавирус ауруы өте қауіпті. Олар - 60-65 жастан асқан белгілі бір созылмалы аурулары бар адамдар», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, бұл топқа медицина қызметкерлері де жатады.

«Өйткені олар ең алдымен пациенттермен және коронавирус жұқпасының белгілері жоқ, бірақ тасымалдаушы болып саналатын адамдарды қарап, байланыста болады. Сондықтан біз вакцинацияға дайындық, вакцинаны таңдау және Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация стратегиямызды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізудеміз», - дейді ол.