Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 854 мыңнан асты

2021 жылғы 17 қыркүйек 08:06
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 854 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 854 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram парақшасына сілтеме жасап.

16 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда ПТР тестінің оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 081 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 854 742 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 338 Алматы қаласында – 651 Шымкент қаласында – 102 Ақмола облысында – 170 Ақтөбе облысында – 224 Алматы облысында – 252 Атырау облысында – 98 Шығыс Қазақстан облысында – 114 Жамбыл облысында – 71 Батыс Қазақстан облысында -103 Қарағанды облысында – 392 Қостанай облысында – 140 Қызылорда облысында – 64 Маңғыстау облысында – 40 Павлодар облысында – 198 Солтүстік Қазақстан облысында – 72 Түркістан облысында - 52.