Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2022 жылғы 18 қыркүйек 08:34
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 100 жағдай тіркелді. Кеше коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 жағдай тіркелген еді, деп ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 505 жетті. Оның ішінде: Астана қаласында - 21,Алматы қаласында - 13, Ақмола облысында – 6, Ақтөбе облысында – 6, Атырау облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 15, Ұлытау облысында - 4,Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 4, Түркістан облысында - 3. Сонымен қатар тағы 577 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.