Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші өсті

2022 жылғы 5 қазан 08:22
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде, Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 8, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 6, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адамнан табылды. Жалпы е лімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 779 жетті. Сонымен қатар тағы 104 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Еске салсақ кеше 4 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді.