Жаңалықтар

Елімізде коронавирустан 2,2 мың адам айықты

2022 жылғы 3 тамыз 08:28
Елімізде коронавирустан 2,2 мың адам айықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясынан 2290 адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегіведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 860, Алматы қаласында - 623, Ақтөбе облысында - 44, Алматы облысында - 95, Жетісу облысында - 53, Атырау облысында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 18, Абай облысында - 13, Жамбыл облысында – 53, Батыс Қазақстан облысында - 29, Қарағанды облысында - 212, Ұлытау облысында - 44, Қостанай облысында - 33, Қызылорда облысында - 146, Маңғыстау облысында - 32, Павлодар облысында - 15, Түркістан облысында - 5. Өткен тәулікте Қазақстанда инфекцияны 2661 адам жұқтырды. Жалпы пандемия басталғалы елде коронавирус 1 357 276 адамнан анықталса, соның ішінде 1 316 110 адам сауығып шықты.