Жаңалықтар

Елімізде коронавирустан бір тәулікте 1,5 мың адам жазылды

2021 жылғы 10 сәуір 08:15
Елімізде коронавирустан бір тәулікте 1,5 мың адам жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1511 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 587, Алматы қаласы - 242, Шымкент қаласы - 21, Ақмола облысы - 53, Ақтөбе облысы - 79, Алматы облысы - 119, Атырау облысы - 38, Шығыс Қазақстан облысы - 39, Жамбыл облысы - 7, Батыс Қазақстан облысы - 119, Қарағанды облысы - 84, Қостанай облысы - 23, Қызылорда облысы - 8, Маңғыстау облысы - 11, Павлодар облысы - 50, Солтүстік Қазақстан облысы - 16, Түркістан облысы - 15. Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда 266 677 адам коронавирус жұқтырса, соның 232 835-і жазылды.