Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
-
23.02.2021 09:42
-
23.02.2021 09:09
-
23.02.2021 09:04
-
23.02.2021 09:00
-
23.02.2021 08:15
-
23.02.2021 08:00
Елорда дәріханаларында препараттың шекті бағасын көрсететін QR-код орнатылды
2021 жылғы 26 қаңтар 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда дәріханаларында әлеуметтік маңызы бар препараттардың шекті бағасын білуге болатын QR-кодтар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин айтып берді. «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсынысымен Нұр-Сұлтан қаласының дәріханаларында препараттың шекті бағасы туралы QR-код орнатылды. Яғни, халық дәрілік препараттардың шекті бағасын көріп, дәріхана бағасымен салыстыра алады. Мұнда әкімдіктермен бірлесіп жұмыс жүргізілді және халыққа ыңғайлы болуы үшін жасалды», - деді Марат Хайруллин «СҚ-Фармация» ЖШС елордалық логистикалық хабында өткен мониторингте тілшілерге берген сұхбатында. QR-код арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі барлық дәрілік заттардың шекті бағасын көруге болады. Сонымен бірге, департамент өкілі дәрі-дәрмек бағасы қымбаттаған жағдайда тұрғындардың қайда жүгіне алатынын түсіндірді. «Бізде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті бар. Олар дәрі-дәрмек бағасын қадағалайды. Құқықбұзушылық анықталған жағдайда, бұл іспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеу бөлімшесі айналысады Ал біз тек профилактикалық жұмыстарды ғана жүргіземіз», - дейді М. Хайруллин. Айта кетейік, «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталатын «СҚ-Фармация» логистикалық хабына мониторинг жүргізді. Елордалық бірыңғай дистрибьютор Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласындағы 85 медициналық ұйымды дәрімен қамтамасыз етеді.