Жаңалықтар

Елорда мен Алматыдағы сауда орталықтарында вакциналау қашан басталады

2021 жылғы 9 сәуір 14:54
Елорда мен Алматыдағы сауда орталықтарында вакциналау қашан басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда ойын-сауық орталығында тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау 12 сәуірде, Алматыда 13 сәуірде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге, Нұр-Сұлтан қаласында тек бір ғана сауда ойын-сауық орталығы жұмылдырылмақ, яғни «MegaSilkWay» орталығы қамтылады. Онда дүйсенбіден, 12 сәуірден бастап жұмыстар басталады», - деді елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов. Өз кезегінде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев шаһарда жаппай вакциналау 13 сәуірде басталатындығын атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Тимур Мұратов елордада халықты вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдарда егу пунктерінің саны 36-дан 100-ге дейін көбейтілгенін, олардың жұмысы таңғы сағат 8:00-ден түнгі 24: 00-ге дейін ұзартылғанын айтты. https://www.inform.kz/kz/astanalyktar-koronaviruska-karsy-vakcinany-kalay-ala-alady_a3774380 Сонымен қатар Нариман Табынбаев Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылатынын айтты.