Жаңалықтар

Елордада 2 мыңға жуық білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды

2021 жылғы 11 сәуір 05:28
Елордада 2 мыңға жуық білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды

Елорда тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша белсенді науқан жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте вакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар мен тәртіп сақшылары алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Білім басқармасы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, вакцинациялау науқанын, сондай-ақ вакцинациялаудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында онлайн-кездесулер ұйымдастырды. Zoom конференцияларынан кейін вакцина алғысы келетін мектептер тізімі жасалып, тұрғылықты жері бойынша емханаларға жіберілді. Бүгінгі таңда білім беру саласының 1880 қызметкері вакцина алды. Енді қаланың өзге тұрғындары да КВИ вакцинасын ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға немесе Damumed қосымшасы арқылы өтініш беруі қажет. Қазіргі уақытта вакцинация қауіпті вирусты жеңудің және өмірдің қалыпты жағдайына оралудың жалғыз дұрыс әдісі болып саналады.