Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
Елордада COVID-19 індетінің өсуі байқалады
2021 жылғы 22 қаңтар 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада COVID-19 инфекциясының апталық өсімі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Індеттің өсуі қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды бұзуымен байланысты болып отыр. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек. Санитарлық шаралар сақталмаса жағдай кез келген уақытта нашарлауы мүмкін. «Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауырып қалуымыз тікелей өзімізге байланысты. Мұны есте сақтау қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз». Алайда тұрғындар медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар өткізбеу, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу сияқты қарапайым ережелерді бұлжытпай сақтайтын болса, қатаң шаралар қабылдау туралы ойымыздан бас тартуымыз мүмкін», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.