Жаңалықтар
-
кеше 10:07
-
09.04.2021 23:45
-
09.04.2021 22:21
-
09.04.2021 21:55
-
09.04.2021 20:45
-
09.04.2021 20:33
-
09.04.2021 20:25
-
09.04.2021 19:50
-
09.04.2021 19:08
-
09.04.2021 19:00
-
09.04.2021 17:14
-
09.04.2021 14:49
-
09.04.2021 14:40
-
09.04.2021 14:39
-
09.04.2021 14:36
-
09.04.2021 14:26
Елордада қашықтан оқитын оқушылар COVID-19-ды көбірек жұқтырған
2021 жылғы 3 наурыз 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында 1103 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% көрсеткен», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте. Сонымен бірге, 1 ақпаннан бастап қалада медицина қызметкерлерін, 1 наурыздан бастап – педагогтар мен күш құрылымдары қызметкерлерін вакциналау басталды. Бүгінде 1 компонентпен 2241 адам, 2 компонентпен – 824 адам қамтылған. Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде. Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды.