Жаңалықтар

Елордада коронавирус қайта өрши бастады

2021 жылғы 15 маусым 09:26
Елордада коронавирус қайта өрши бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада соңғы аптада коронавирус жұқтыру жағдайы 7 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 15 маусымға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 402 996 науқас, ал КВИ минуспен 56 705 жағдай тіркелген. Пациенттердің шамамен 94 пайызы жазылып шықты. 6 маусымнан бері Қазақстан Республикасы жасыл аймақта тұр. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Бұған қоса, өткен аптамен салыстырғанда науқастану өсімі 7 пайызға артып, 1 365-те 1461 жағдайға дейін жетті. Ал қалған өңірлер «жасыл» және «сары» аймақта жатыр»,- деді министр. Оның дерегінше, елімізді соңғы апт ішінде КВИ-дің анықталған жағдайы 16 пайызға азайды. «Республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындарының жүктемесі 15 маусымда 23 пайызға, ал жансақтау төсек-орындарының саны 21 пайызға қысқарды», - деді Алексей Цой.