Жаңалықтар

Елордада «қызыл» мәртебемен қоғамдық орындарға барған 17 адамның аты-жөні жарияланды

2021 жылғы 17 қыркүйек 12:22
Елордада «қызыл» мәртебемен қоғамдық орындарға барған 17 адамның аты-жөні жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары арасында COVID-19-ға тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсеткеннен кейін карантин шектеуін, сондай-ақ екі апталық өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатындар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Карантинді бұзушылар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды. Соған сәйкес, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды», делінген әкімдік хабарламасында. Бұл азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін саналы түрде бұзғанын және сол арқылы басқа адамдардың қоғамдық денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеміз. 1. А.Б.Арыстанова 2. Б.К.Валиев 3. Д.Т.Қаппасова 4. Ю.В.Падалко 5. К.Ж.Хабибулова 6. Б.С.Ғабдоллова 7. С.А.Садықова 8. А.М.Айтжанов 9. С.Е.Жұмағұлова 10. А.Т.Молдабаева 11. Ж.К.Құрманғалиева 12 Г.Б.Есенбекова 13. Н.К.Әбдірова 14. С.Т.Әлдибекова 15. М.Байбориев 16. Ж.Әкімова 17. П.Ю.Куч Қалалық санитария-эпидемиология бақылау департаменті үй карантиніндегі тұрғындарға инфекцияны таратпас үшін, өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауды сұрайды.