Жаңалықтар

Елордада мемлекеттік қызметшілердің коронавирус жұқтыруы жиілеген

2022 жылғы 4 тамыз 16:45
Елордада мемлекеттік қызметшілердің коронавирус жұқтыруы жиілеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік қызметшілер мен депутаттардың коронавируспен сырқаттану көрсеткіші туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Үкімет мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер, депутаттар коронавируспен қаншалықты жиі сырқаттанып жатыр?» - деп сұрады БАҚ өкілі министрден. Ажар Ғинияттың мәліметіне қарағанда, кейінгі кезде мемлекеттік қызметшілер арасында коронавиурс жұқтырғандардың саны еселеп артқан. «Біз Президент іс басқармасының медициналық қызметінен статистика алып отырамыз. Мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сол қызмет қадағалайды. Мемлекеттік қызметшілер арасында өсім бар екенін көріп отырмыз. Нұр-Сұлтанның «сары» аймаққа кіргенін білесіздер. Бұған дейін 10-ға жетпейтін саусақпен санарлық жайттар тіркеліп келген. Қазір мемлекеттік қызметшілер арасында тәулік сайын науқастанудың 100 жағдайы тіркеледі», - деді министр. Аталған брифингте коронавирусқа қарсы шектеу шаралары қандай жағдайда қатаңдатылатыны айтылды.