Жаңалықтар
-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Елордалықтар Pfizer вакцинасын қай жерде салдыра алады
2022 жылғы 28 наурыз 23:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Pfizer вакцинасын алғысы келетін елорда жұртшылығы үшін екпе салатын орындардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, елордада Pfizer вакцинасы мединалық ұйымдар мен Abu Dhabi Plaza сауда және ойын-сауық орталығындағы екпе егу бекетінде қолжетімді. Сондай-ақ, аталған мекеме вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлады. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізіледі. Ведомство барлық деректерді толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды. Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі. КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады. Егер дозалар арасындағы аралық 3 айдан аспаған болса, алынған ревакцинацияны вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізу кезінде вакцинаның бірінші дозасы ретінде есепке алынады. Мамандар қайта вакцинациялау екі компонентті бірдей қабылдап толық иммунадаудан өтуді қарастырады, ал ревакцинация – біреуін ғана қабылдау деп түсіндіреді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл үшін елордада американдық препараттың вакциналары жеткілікті - 1 және 2 компонентті 166 мың мыңнан астам доза. Сондай-ақ, Sinopharm Verocel, Qazvac вакциналары қала тұрғындары үшін қолжетімді.