-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Ең арзан ПТР-тест – Қазақстанда

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын ПТР-тестті (полимеразды тізбекті реакция) жүргізетін 184 зертхана болса, оның 87-сі – жекеменшік, 97-сі – мемлекеттік.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, еліміздің мемлекеттік зертханаларында COVID-19 инфекциясына тестілеудің құны қазір – 4 931 теңге. «Коронавирус инфекциясы Қазақстанда тіркелген күннен бастап, бүгінге дейін мемлекеттік лабораторияларда ПТР-тесттің құны 11 499 теңгеден кезең-кезеңімен арзандап, қазір 4 931 теңге болды. Қазіргі таңда ең арзан ПТР-тест – біздің мемлекетте. Жалпы мемлекеттік зертханаларда ПТР-сынамасын арзандату туралы ұсыныс алдымен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады, сол жиында шешім шығады», дейді Е.Байтанаев.
Ресми өкіл Қазақстанда белгілі бір санаттағы азаматтар ПТР-тестін тегін тапсыра алатынын еске салды. Атап айтқанда, ЖРВИ және пневмония сырқатының белгілері байқалған азаматтардан үйде немесе емхана мен ауруханада сынама тегін алынады. Сондай-ақ коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар мен ауруханаларға жоспарлы емдеуге жіберілгендер де тестті тегін тапсыра алады.
Ең арзан ПТР-тест Қазақстанда болса, ең қымбат тест – Еуропада. Тұтынушылардың еуропалық орталығына сілтеме жасаған әлемдік Туроператорлар қауымдастығы ең қымбат ПТР-тест Германияда екенін, оның құны 128-150 еуро аралығын құрайтынын жазды. Олардың хабарлауынша, ПТР-тест арзан саналатын елдер – Греция мен Италия, бұл елдерде тест бағасы 20-30 еуро тұрады. Бұл дегеніңіз теңгемен шаққанда шамамен 10-15 мың теңге аралығын құрайды.
Әзиза МҰРАТ