Жаңалықтар
-
01.03.2021 21:45
-
01.03.2021 21:01
-
01.03.2021 20:53
-
01.03.2021 20:48
-
01.03.2021 20:18
-
01.03.2021 19:28
-
01.03.2021 19:00
-
01.03.2021 14:57
-
01.03.2021 10:14
-
01.03.2021 10:06
-
01.03.2021 09:38
Ералы Тоғжанов әр айда қанша адамға вакцина салынатынын айтты
2021 жылғы 19 қаңтар 09:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың соңына дейін 4 миллионға жуық қзақастандық коронавирусқа қарсы вакцинация алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«1 ақпанға дейін медицина ұйымдарының вакцинация кезеңіне дайындығын қатаң бақылауға алуды сұраймыз. Оның ішінде вакцинацияны болжау деңгейі 1-жартыжылдықта 2 млн-ға дейін адамды жоспарлаймыз. Екінші жартыжылдықта 3-тен 4 млн адамға дейін жоспарға енгізіп отырмыз. Оның ішінде ақпан айында - 100 мың, наурызда - 150 мың, сәуірде - 600 мың, мамырда - 600 мың, тамызда - 600 мың адам. Сонымен қатар жылдың соңына, тамыздан желтоқсанға дейін 600 мың адам вакцинация алатындығы күтіледі», - деді ол. Үкімет басшысының орынбасары бұл деректер жұмыс барысында нақтылана түсетіндігін ескертіп өтті. «Сондықтан мұны бірге қарастырамыз. Жалпы, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік штаб жұмысын күшейту сұралады. Оның ішінде «қызыл» аймақтағы өңірлерде эпидемиологиялық жағдай штаб отырыстарында күн сайын қаралуы тиіс», - деді Ералы Тоғжанов.