Жаңалықтар

Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді

2021 жылғы 14 сәуір 19:23
Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Фармацевтикалық өндірісті Денсаулық сақтау министрлігіне беру жұмысы басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов елімізде вакцинаның қалған қанша дозасы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің фармацевтикалық өндіріс функциясын Денсаулық сақтау министрлігіне беру жұмысы басталып кетті. Жұмыс бүгінде жүргізіліп жатыр. Аталған функцияны өзімізге алған кезде тиісті шешім қабылданатын болады. Бүгін Білім және ғылым министрлігінде әріптестеріміз ғылыммен және вакцинаны әзірлеумен айналысатынына қатысты түсініктеме берді. Вакцинаның бүгінде белгілі болып отырған көлемін бірлесіп әзірледік. Яғни, екі мемлекеттік орган тікелей әзірлеуші институтпен барлық мәселелерді пысықтады. Бұл мәселеге қатысты әр мемлекеттік органның нақты қызметі бар», - деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Сонымен қатар ол коронавирусқа қарсы қазақстандық вацинаны жаппай өндірумен неліктен Денсаулық сақтау министрлігі емес Білім және ғылым министрлігі айналысатындығын түсіндірген еді.