Жаңалықтар

Финляндияда өтуі тиіс әкімшілік сайлау коронавирусқа байланысты кейінге қалды

2021 жылғы 6 наурыз 21:57
Финляндияда өтуі тиіс әкімшілік сайлау коронавирусқа байланысты кейінге қалды

ХЕЛЬСИНКИ. ТАСС - ҚазАқпарат – Финляндияда сәуір айында өтуі тиіс әкімшілік сайлау коронавирус пандемиясына байланысты маусымға қалды. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында финляндиялық заңгер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Фин саяси партияларының хатшылары Әділет министрі Анна-Мая Хенрикссонмен кездесті. 9 партияның 8-і жергілікті сайлаудың маусымға қалуын қолдады. Сайлау 13 маусымда өтеді»,-делінген хабарламада. Хенрикссон өз кезегінде сайлау мерзімінің өзгеруіне коронавируспен байланысты жағдайдың күрделенуі себеп болып отырғандығын айтты. Финляндияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 648-ден 61 552-ге дейін ұлғайды. Инфекцияның асқынуынан елде 767 адам қаза тапқан. Коронавирусқа тестілеуден 3 млн-нан астам тұрғын өтті. Ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші (840) 2020 жылдың желтоқсанында тіркелді. Бұған қоса, елде коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайы 1 295-ке артты. COVID-19-ға қарсы вакцинаны 450 мың адам алды.