Жаңалықтар

Франция Қытайдан келген азаматтардан COVID-19 сынамасын алады

2023 жылғы 2 қаңтар 10:28
Франция Қытайдан келген азаматтардан COVID-19 сынамасын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіден бастап Францияға барғысы келетін Қытай саяхатшылары хирургиялық бетперде киіп, келген кезде кездейсоқ ПТР тестін тапсыруға дайын болуы тиіс. Бейсенбіден бастап олар, сондай-ақ, ұшуға 48 сағаттан аз уақыт қалғанда ПТР немесе антиген ұсынуы шарт. Шаралар әзірге 31 қаңтарға дейін енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

«Келу кезіндегі бұл бақылау азаматтардың біздің аумаққа кіруіне жол бермеу үшін жасалған бақылау емес, бұл әртүрлі нұсқаларды дәл қадағалауға мүмкіндік беретін ғылыми көзқарас. Қазір бұл негізінен Қытайда кең таралған омикрон штамы үшін жасалып жатыр», - дейді Францияның денсаулық сақтау министрі Франсуа Брон. Франция бұл шараларды Ұлыбритания, Италия немесе АҚШ сияқты желтоқсан басында шектеу шараларын алып тастаған Қытайдағы коронавирус жұқтыру жағдайларының өршуіне байланысты қабылдады. Апта сайын Қытайдан Францияға 6 рейс және Гонконгтан 10 рейс келеді. Олардың көпшілігі Париждегі Руасси-Шарль де Голль әуежайына қонады. Саяхатшыларды алдымен 2E терминалында тексеріс орталығындағы агенттер анықтайды. Егер тест оң болса, олар 7 күн бойы оқшаулануға мәжбүр болады. Бұл қадам Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайдағы инфекциялар санының өсуіне алаңдаушылық білдіріп, қосымша ақпаратты жариялауға шақырғаннан кейін жасалды.