Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Францияда карантин шаралары айтарлықтай жеңілдеді
2022 жылғы 4 наурыз 10:42

БРЮССЕЛЬ-ПАРИЖ. ҚазАқпарат – 14 наурыздан бастап Франция билігі COVID-19 пандемиясына қарсы күресте қатаң шараларды алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Вакцина сертификаты мен медициналық маска тағу шаралары жойылады. Бұл туралы бейсенбіде Франция премьер-министрі Жан Кастекс мәлім етті. «Біз санитарлық шараларды жеңілдетудің жаңа фазасына кірістік», - деді ол француз телекомпаниясына берген сұхбатында. Өткен аптада француз үкіметі басқа да санитарлық шараларды кезең-кезеңімен алып тастаған болатын. 28 ақпанда жабық ғимараттарда маска тағу тыйымының күші жойылып, 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бері жабық тұрған түнгі клубтар 16 ақпаннан бастап ашылады. Елде коронавирустың бесінші толқыны қаңтар айының соңында өршіп, бірнеше аптадан бері бәсеңсіп келеді. Қазіргі уақытта Францияда бір аптада ауру жұқтырудың орта саны 58 мыңнан аз, бір апта бұрын 70 мың болған еді. Премьер-министр Ж. Кастекс медициналық мекемелерде «санитарлық өткізу» сақталатынын атап өтті. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері үшін вакцина салу міндетті болып қала бермек. Қоғамдық көлікте, денсаулық сақтау ұйымдарында маска тағуға бәрі міндетті.