Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
2021 жылғы 24 қаңтар 11:00

ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Гонконгте пандемия басталғалы алғашқы локдаун енгізілді. Бірақ ол бүкіл қалаға қатысты емес, тек халық тығыздығы ерекше жоғары және кедей топтар өмір сүретін оның кейбір аудандарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Джордан ауданында көпқабатты үйлерде тұратын шамамен 10 мыңға жуық адамға үйден шықпауға нұсқау берілді. Ауданның барлық тұрғыны тестілеуден өтпейінше олар үйден шықпауы керек. Билік оған 48 сағат кететінін айтты. Осы уақыт аралығында 150 көпқабатты үйдің тұрғындары тексеріледі. Гонконг Қытайдың орталық аудандарынан жаңа коронавирус «әкелінген» алғашқы орындардың біріне айналды. Бірақ билік қатаң локдаун енгізбей-ақ шектеу шаралары мен айыппұл жүйелерінің көмегімен жағдайды бақылауда ұстады. Мұнда ауруға шалдыққандардың жалпы саны 10 мыңнан аспайды. Коронавирустан бар-жоғы 170 адам көз жұмған. Алайда соңғы екі айда қалада Джордан ауданына тараған эпидемияның төртінші толқыны басталды. Мұнда қаңтардың алғашқы 20 күнінде коронавирус жұқтырудың 162 жағдайы анықталған.