Жаңалықтар

Госпитальдар вакцина салдырып, өлім аузында жатқан адамдарға толы - фейк

2021 жылғы 30 маусым 12:04
Госпитальдар вакцина салдырып, өлім аузында жатқан адамдарға толы - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Telegram-каналда COVID-госпитальдар КВИ-ға қарсы вакцина алған жағдайы ауыр және өлім аузында жатқан адамдарға толы екендігі туралы хабарлама пайда болды. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда егілген адамдар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары тіркеліп жатқаны рас. Олардың саны өте аз. – Қазақстанда вакцина алған 3 246 795 адамның 0.05%-ы COVID-19-мен ауырған, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Сондай-ақ, ведомстводағылар індетті жұқтыру жағдайларының көбі препараттың тек бір ғана дозасын алуға үлгергендер арасында тіркелгенін атап өтті, яғни КВИ-ге қарсы иммунитет әлі толық қалыптаспаған. Бұған дейін вакцина салдырғандар арасында КВИ жұқтыру жағдайлары туралы жазған болатынбыз. Мұндай құбылыстар жиі бола бермейді. Мысалы, АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша биылғы жылдың 21 маусымында вакцина алған адамдар арасында індетті жұқтырудың 4 115 жағдайы тіркелген. Бұл сол кезде егілген адамдардың жалпы санының 0.002% құрайды. Бұл көрсеткіштер вакциналардың мәлімделген тиімділігіне сәйкес келеді. Pfizer/BioNTech препараты үшін ол 91%, Moderna – 94%, AstraZeneca – 74%, Спутник V – 92%, Синофарм (Hayat-Vax) – 73% құрайды. Қорыта айтқанда, қазақстандық госпитальдар COVID-19-ға қарсы егілген өлім аузында жатқан және жағдайы ауыр науқастарға толы бола алмайды. Елде індетті жұқтырған вакцинацияланған адамдар саны өте аз.