Жаңалықтар

Халық жиналмас үшін Қапшағай су қоймасы жабылды

2020 жылғы 10 маусым 13:38
Халық жиналмас үшін Қапшағай су қоймасы жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім», – деді онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол судың әлі де салқын екенін тілге тиек етті.


Фото: photos-mt.kcdn.kz