Жаңалықтар

Иранда коронавирусты жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

2021 жылғы 5 тамыз 00:20
Иранда коронавирусты жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранда COVID-19 жұқтыру жағдайларының тәуліктік өсуі бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Иранда бір тәулікте вирус жұқтырудың 39 019 дерегі тіркеліп, 378 адам аталмыш дерттен көз жұмған. Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 3 979 727 адам. Ал вирустан қайтыс болғандар саны 91 785-ке жетті, - деп хабарлайды Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі. Медициналық билік елде «дельта» штамының таралуы аясында тағы да шектеулер қойды. 3 тамыздағы жағдай бойынша 10 741 956 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды, ал 2 844 250 адам толық егілді. Францияда Жерорта теңізінің Корсика аралында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Өткен демалыс күндері бұл жерге 130 000-нан астам демалушы келді. Аралдың екі негізгі қалаларының бірі Бастиядағы ауруханалардың толуы 79% - дан асты. Үкімет тағы да аурухана қызметкерлеріне қосымша жұмысы үшін үстеме ақы, сондай-ақ ауыр жұмыс салдарынан ала алмайтын ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы енгізетінін мәлімдеді. Инфекция таралуының өсуіне байланысты елдің барлық жағалаудағы курорттарында міндетті түрде маска кию және түнгі коменданттық сағат енгізілді.