Жаңалықтар

Испанияда COVID-19 құрбандарын он күн бойы аза тұтады

2020 жылғы 27 мамыр 13:46
Испанияда COVID-19 құрбандарын он күн бойы аза тұтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания елінде коронавирус індетінен қайтыс болғандарды аза тұту онкүндігі басталды. Тиісті шешімді 26 мамыр күні ел үкіметі қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Испания үкіметі өкілінің хабарлауынша, 27 мамырдан бастап елдегі барлық мемлекеттік ғимараттар мен ӘТК кемелеріндегі ұлттық тулар төмен түсіріледі. Пандемия салдарынан қайтыс болғандар отандастарын еске алу рәсіміне Испания королі Филипп VI қатысады.

«Бұл біздің демократиялық тарихымызда ең ұзақ ресми аза тұту күндері», - деп мәлімдеді корольдіктің премьер-министрі Педро Санчес.

Испанияда COVID-19 індеті таралуынан 283 мың адам ауруға шалдығып, 27 мыңнан астам пациент көз жұмған.