Жаңалықтар

Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді

2021 жылғы 3 наурыз 09:22
Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың жаңа мутациясы – нигериялық штамм Италияның солтүстігінде, Брешияда табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап. Италиялық вирусологтер қоғамының президенті және микробиологиялық зертхананың директоры Арнальдо Карузо бұл штамға қарсы қолда бар вакциналар тиімсіз болуы мүмкін деп санайды.

«Италияда алғаш рет біз қазіргі вакциналар тиімсіз болуы мүмкін мутациялары бар штамды (нигериялық) анықтадық», – дейді сарапшы. Дегенмен штамның ерекшеліктері туралы мәліметтер берілмеген. Өткен жылдың көктемінде пандемиядан зардап шеккен Брешия аймағында коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артып келеді. Бұл өз кезегінде карантин шараларын қатайтуға әкеледі. Денсаулық сақтаудың жоғары институтының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елдегі науқастардың 54-64% британиялық штамм жұқтырғандар. Ақпан айының басында оның үлесі 20%-дан аз болды. Италиялық мамандар пандемияның «үшінші толқынының» басталатындығын айтады. Үкімет эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз «қызыл» аймақтардағы барлық мектептер мен балабақшаларды жабу туралы шешім қабылдады. Онда әр 100 мың тұрғынның 200-250-і КВИ жұқтырған. Осы уақытқа дейін кіші мектеп пен балабақшалар шағын локдаун жағдайында жұмыс істеген. Италияда пандемия басталғаннан бері жұқтырғандардың саны 3 миллионға жақындап келеді, коронавирус инфекциясының салдарынан 98 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сейсенбі күні таратылған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 17 мыңға, өлім-жітім 343-ке өсті.