Жаңалықтар

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

2022 жылғы 1 тамыз 09:02
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 31 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 554 903 адам, 2 - ші компонентін 9 334 764 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар 31 шілдеде «Pfizer» вакцинасының -I-ші дозасын 1 234 557 адам, - ІІ-ші дозасын 1 186 887 адам алды.