Жаңалықтар

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2022 жылғы 3 тамыз 09:39
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 10 791 831 адам, 2 - ші компонентін 10 524 458 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар 2 тамыздаға мәлімет бойынша «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 234 921 адам, ІІ-ші дозасын 1 187 771 адам салдырды. Оның ішінде: -І-ші компонентімен Жасөспірімдер – 872 092, Жүкті әйелдер – 41 447, Бала емізетін әйелдер – 145 192. - ІІ-ші компанентімен Жасөспірімдер – 854 386, Жүкті әйелдер – 39 201, Бала емізетін әйелдер – 141 246.