Жаңалықтар

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды

2021 жылғы 2 тамыз 13:23
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кешеннің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакциналау үшін «Спутник V» препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемесін уақытында орындады. Сөйтіп коронавирусқа қарсы ресейлік ғылыми-зерттеу орталығының препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттеме алды. ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакциналау үшін тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды. Шартты орындау мерзімі - 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары. Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталады.