Жаңалықтар
-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Қарағандыда ЖРВИ жұқтырған 128 мың адамның жартысынан көбі - балалар
2022 жылғы 30 желтоқсан 00:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмау мен коронавирустың жоғары айналымы байқалады. Науқастардың жартысынан көбі - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин айтып берді. Ол тұрғындарды қоғамдық орындарға мүмкіндігінше аз баруға, өзін-өзі емдемеуге шақырды. «Жыл сайын қазаннан сәуірге дейін ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеледі. Облыста эпидемияға қарсы жедел шаралар қабылдау үшін халықтың сырқаттану жағдайына мониторинг жүргізіледі. Осы жылдың басынан ЖРВИ бойынша 128 774 өтініш тіркелді. Сырқаттардың 53% - 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанудың 35% өскені байқалады. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның ерекшелігі – тұмаудың алғашқы жағдайлары ерте тіркелуінде», – деп атап өтті Юрий Залыгин. Сондай-ақ, эпидемиологиялық маусымның басынан бері облыста 289 тұмау жағдайы зертханалық түрде расталды. Оның 32-сі соңғы аптада тіркелген. Тұмаудан басқа, аймақта тұмауға ұқсас вирустар да тарады, сонымен қатар коронавирус инфекциясының өсімі байқалады. Күніне COVID-19 оң нәтиже көрсеткен 15-ке дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда ауру 35% өсті. «Тағы да алдын алу шараларын сақтау керектігін еске салғым келеді. Адам көп жиналатын жерлерге, әсіресе жабық жерге бармау, мұндай бөлмеде бір рет қолданылатын маска қолдану, ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеу, сонымен қатар қолды сабынмен жиі жуу қажет, әсіресе көшеден келгенде және қоғамдық көлікке мінген соң қолды мұқият жуыңыз», – деп қосты Юрий Залыгин.