Жаңалықтар

Карантин: Елордада бір тәулікте 108 кәсіпкерлік нысан тексерілді

2021 жылғы 20 қаңтар 17:25
Карантин: Елордада бір тәулікте 108 кәсіпкерлік нысан тексерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мобильді топ мүшелері тексеріс кезінде карантин талабын бұзып жүрген 8 нысанды анықтаған, оның ішінде дүкендер, барлар, дәмханалар жәнне лотоклуб бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР Құқықбұзушылықтар турпалы кодексініңғ 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану мекемелеріне басқа, лотерея ойнататын клуб тыйым салынғанына қарамастан, қаланың ойынқұмар тұрғындарын шақырып тұрған. Түнгі уақытта Янушкевич көшесінде орналасқан «Лото» клубы жұмыс істеп тұрды. Онда карантин шаралары мен әлеуметтік қашықтықты сақтамай, денсаулығын қатерге тіккен ойын бизнесінің 10 клиенті болды. Тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, дәмханалар, барлар т.б) үшін әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы жағдайында таңғы сағат 07:00 мен кешкіі 20:00-ге дейін жұмыс істеуге болатынын еске салады. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерге карантин талаптарын бұзғаны үшін артылатын жаапкершілік пен сот шешімі бойынша қызметтің тоқтатылуы мүмкін екенін еске салып, санитарлық нормаларды сақтап жүруге шақырады.