Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
-
23.02.2021 09:42
-
23.02.2021 09:09
-
23.02.2021 09:04
-
23.02.2021 09:00
-
23.02.2021 08:15
-
23.02.2021 08:00
Карантин: Ордабасыда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
2021 жылғы 27 қаңтар 10:10

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантинге қарамастан көкпар ұйымдастыру деректері тыйылмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күнделікті рейд жүргізуде. Осындай кезекті рейд барысында Жетісай ауданының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, 100-ге жуық адамды жинап, көкпар ұлттық ойынын өткізіп жатқаны анықталды. Тәртіп сақшылары «көкпар» ойынына қатысушыларды дереу тоқтатып, олармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Осы шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығына жолданды. Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбауға шақырады. Базар, дүкен және басқа да адам көп жиналатын жерлерге барғанда, қоғамдық көлікте медициналық бетперде киіп, антисептик пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.